Жалпы сұрақтар

1 Бұл қандай сайт?
Біздің клуб - сапалы онлайн - гемблингтің он жылдан астам уақыт бойы келе жатқан, тұрақты қолданушылары бар ойын бизнесіндегі мекеме. Мыңнан астам ойыншы бізге сенім артып, тұрақты ойыншыларға айналуда. Өзіңіз үшін сүйікті ойын автоматын, керемет атмосфера, ұтысты алу мүмкіндігі жоғары құмар ойындардан ләззат алатыныңызға сенімдіміз.
2 Қалай тіркелуге болады?
Тіркелу үшін сайттың жоғарғы жағындағы "Тіркелу" батырмасын басып, электронды поштаңыздың мекенжайын көрсетсеңіз және профиліңізге кіру кезінде қолданатын кілтсөзіңізді құрастырсаңыз болды. Сондай-ақ, ұсынылған әлеуметтік желілердің бірі арқылы тіркелсеңіз де болады. Жобамызда сіз ойнай алатын, ұта алатын және ұтысты иелене алатын аккаунттың иегері боласыз.
3 Аккаунтқа қалай кіремін?
Егер сайтымызға тіркелген болсаңыз, аккаунтыңызға "Кіру" батырмасын басып, электронды поштаңыз бен кілтсөзіңізді енгізу арқылы кіре аласыз. Егер әлеуметтік желі арқылы тіркелсеңіз, жай ғана сәйкес әлеуметтік желінің белгісін басыңыз. Клубымыздағы есептік жазба әлеуметтік желідегі есептік жазбаңызбен сәйкес келетініне назар аударыңыз!
4 Сайтымызда ойынды қалай бастауға болады?
Шынайы ақшамен ойнауды бастау үшін, тіркеліңіз немесе профиліңізге кіріңіз. Ойнайтын шотыңызды толтырғаннан кейін тінтуірді ұнаған ойыныңызға апарып, "Ойнау" батырмасын басыңыз. Тегін ойнағыңыз келсе, "Демо" батырмасын таңдасаңыз жеткілікті.
5Поштамды қалай өзгертуге болады?
Профиліңізге тіркелген электронды мекенжайды жеке кабинетте өзгертуге болады. Басты жолақта берілген Email орнына, жаңа мекенжайды жазып, сақтау қажет. Ашылған терезеде кілтсөзді енгізіңіз немесе әлеуметтік желі арқылы авторизацияланыңыз. Осыдан кейін, жаңа пошта мекенжайына жіберілген сілтеме арқылы өтсеңіз, кілтсөзді өзгерту әрекетіне келісетініңізді растайсыз. Хабарлама арқылы растамағанша, өзгеріс жүргізілмейді.
6 Сайтта ойнау үшін құжат қажет пе?
Клубымыздың ережелеріне сәйкес казино әкімшілігі ойыншының жеке басын куәландыратын құжатын сұрауы мүмкін. Бұл шара қиын емес, ойыншы құжатын тек бір рет көрсетеді. Егер ойыншы қандай да бір жағдайларға байланысты құжаттарын көрсете алмаса, мекеме оның шотын уақытша бұғаттауға құқылы.
7 Сүйікті ойынымды қалай табамын?
Басты беттің оң жағында кассаның астында орналасқан ыңғайлы іздеу жолағын пайдаланыңыз. Ойынның атауын жазып бастаған сәттен, жүйе бірден барлық сәйкестіктерді көрсетеді, бұл ойынның атын толық есіңізге сақтамаған жағдайда өте ыңғайлы.

Толтыру және шығару

1 Шотты толытырып, ұтысты қалай шығаруға болады?

Ойнайтын шотыңызды толықтыру үшін "Толтыру" батырмасын басып, өзіңізге ыңғайлы және қолжетімді төлем жүйесін таңдап, белгілі бір соманы және қажетті деректерді жазыңыз. Кейін "Төлеу" батырмасын басыңыз.

Ұтысыңызды иелену үшін, жанындағы "Ұтысты алу" қапталына кіріп, ұтысты алғыңыз келетін төлем жүйесін таңдап, сома мен қажетті деректерді енгізсеңіз болғаны.

2 Жобадағы минималды толтыру сомасы қандай?
Біздің жобамыздағы минималды толтыру сомасы 50 ₽ құрайды.
3Шығарып алуға болатын ең төменгі сома қандай?
Барлығы ұтысыңызды қандай төлем жүйесі арқылы шығарып алатыныңызға байланысты. Егер тапсырысты ұсынылған электронды әмияндардың бірі арқылы алғыңыз келсе, ең төменгі сома - 100 ₽. Карта арқылы шығарсаңыз - 3 000 ₽ құрайды.
4 Шотымды толтырған едім, бірақ қаражат аккаунтыма түспеді. Не істеймін?
Қаражат шотыңызды толтырған сәттен бастап, бір сағаттың ішінде аккаунтыңызға түсуі мүмкін. Егер бір сағаттың аралығында түспесе, сайттың оң жағындағы сәйкес батырманы басып, онлайн көмекке жүгінуіңізді сұраймыз. Біздің мамандарымыз бұл мәселені шұғыл шешуге көмектеседі.
5 Ұтыс қанша уақытта төленеді?

Барлығы төленетін сомаға байланысты. Егер ол 19 999 ₽ аспаса, онда өтінімдер 3 күн ішінде өңделеді. Біз әрдайым ұтысты мезетте жіберуге тырысамыз. Төлем жобамыздағы ережелер жайында жазылған себептерге байланысты ұзақ уақытта жіберілуі мүмкін.

Төлемдер ұзақ уақытта орындалатын болса, оның негізгі себептері біздің жобамыздың ережелерінде келтірілген.

6 Ұтысты шығарып алуға өтінім жасадым, бірақ қаражат сол күйінде теңгерімде қалды. Неліктен бұлай болды?
Ұтысты шығарып алуға өтінім жасаған кезде қаражат ойыншының теңгерімінде қатып қалмайды және шегерілмейді. Онымен ойнауды жалғастыруыңызға болады. Осындай жағдай жиі болып тұрса, теңгеріміңізді ойын барысында бақылап отыруыңызға кеңес береміз, егер шығарып алатын сома санынан аз болса, өтініміңіз қанағаттандырылмайды.
7 Шығарып алған кезде неліктен "Шотыңыздағы қаражат жеткіліксіз" деп шығады?
Бұл жағдай шығарып алуға болатын ең төменгі қаражаттан, енгізу сомасы аз болған кезде пайда болады. Сонымен қатар мұндай хабарлама төлемге тағы бір өтінім жасаған кезде шығуы мүмкін (рәсімделген өтінімдердің сомасы теңгеріміңіздегі сомаға тең болуы керек). Картаға - 3 000 ₽, электронды әмиянға - 100 ₽ шығару қолжетімді.
8 Қаражат неліктен үстемақымен шығады?
Казиномызда қаражатты үстемақысыз шығару үшін ең басты ережені білу қажет - депозитіңіздің айналымы екі есе болуы керек. Неліктен мұндай жүйе құрастырылған? Басты себебі казино айырбастау пункті ретінде қолданылмауы тиіс. Бұл мәселені шешу үшін, ойынды жалғастырып айналым жасаңыз. Егер болмай жатса, үстемақымен келісуге тура келеді. Клуб ережелерінің 8.11.4. бөлімінде бұл туралы толық жазылған.
9Төлемді банк картаcына рәсімдедім. Қаражат шығарылды, бірақ картаға түскен жоқ. Неліктен?
Қаражат казино шотынан шешілгеннен кейін процессингтік жүйе тарапынан өңделуіне байланысты 5 тәулік ішінде картаңыздың шотына түсуі мүмкін. Оған қоса, бұл ең ұзақ мерзім. Әдетте қаражат одан да тез түседі.
10 Төлемге берген өтінімнен қалай бас тартуыма болады?
Сіз өздігіңізден сайттағы "Төлем тарихы" бөлімінен өтінімнен бас тарта аласыз. Немесе, Қолдау қызметіне хабарласып, шешіміңіз туралы хабарлаңыз. Сұранысыңыз қаржы департаментіне жіберілгеннен кейін, төлемге берген өтініміңіз аздаған уақытта күшін жояды.
11 Төлем сұранысын тездете аламын ба?
Өкінішке орай, мұндай мүмкіндік жоқ. Себебі, әрбір сұраныстың өз кезегі бар. Әрбір шығарылымды операторлар тездетіп қарастыруға тырысады.
12 Шығарылым сомасы неліктен 14 500 ₽ бөлініп шығады?
Төлемдерді өңдеу үрдісіндегі ережеге байланысты төлем жүйесінің шегі осындай. 14 500 ₽, асатын сомаға төлемді рәсімдегенде, өтінім 14 500 ₽, және одан қалған сомаға бөлінеді. Алайда, аккаунттан төленетін соманың шегі жоқ. Төлем сайтта көрсетілген мерзімде шығарылады.
13Неліктен шотты толтырған кезде, кассада мен белгілеген сомадан көп сома шешіледі?
Біз еш уақытта үстемақы алмаймыз. Депозиттің өзінен асатын сома - валютаны айырбастау кезіндегі айырмашылық. Толтыру барысында транзакцияңыз процессингтік жүйе арқылы өтеді, ол жерде шот валютамен шығарылады, содан кейін әмияныңызға/картаңызға аударылады. Әдетте әмиянның/картаның бағамы жоғары болады, сондықтан да сома көбірек болып шығарылады. Бұл жәй ғана - айырбастау кезіндегі айырмашылық.
14 Неліктен толтыру кезінде қаражат бірден шешіледі де, ал төлемді күту керек?
Шотты толтыру барысында, аударым автоматты түрде орындалады. Сондықтан да, бұл әрекет тез орындалады. Клубтан қаражатты шығаратын кезде барлық өтінімдерді мамандар дұрыстығын, алаяқтық фактілерінің қаупі жоқтығын жеке-жеке қарастырады.

Жобадағы науқандар мен бонустар

1Балл дегеніміз не?
Бұл тек қана клубымыздың сайтында жүретін арнайы марапаттау бірлігі. Ұпайлар кез келген ойын автоматтарында ойнаған кезден бастап беріледі. Мөлшерлеме салған кезден бастап ұпайлар шотыңызға түседі. Жасалған мөлшерлеменің қосындысы 150 ₽ жеткенде, шотыңызға бірден +1 ұпай түседі. Қажетті мөлшердегі көтермелеу ұпайларын жинап, оларды ұсынылған айырбастау бағамы бойынша бонустық ақшаға ауыстыруыңызға болады. Сонымен қатар ұпайыңыз неғұрлым көп болған сайын, клубымыздағы көптеген артықшылықтар мен мүмкіндіктерге жол ашатын беделіңіз де соғұрлым жоғары болады. Серіктестік бағдарламасын мұнда толық оқуыңызға болады.
2 «Бонус» дегеніміз не?
Бонус - бұл клубымыздың атынан сыйлық ретінде берілетін ойнау барысында қолданатын қосымша ақша. Бонустық қаражатты шығарып алу үшін, міндетті түрде ойнау қажет. Клубымызда тұрақты түрде, сондай-ақ ерекше күндері өткізілетін әртүрлі науқандардан бонус алуға болады. Сонымен қатар клубымыздың атынан келетін жолдамаларды да қарап отыруға кеңес береміз, оларда көбінесе тартымды ұсыныстар жиі жүргізіліп тұрады.
3"Ойнатылым"/"Ойнату" деген не?
Ойнатылым - бұл иеленген жүлде сомасын шығарып алу үшін бонустық науқанның шарттарын орындау үрдісі. "Ойнату" дегеніміз - ойнау барысында ұтысқа немесе жеңіліске қарамай белгілі бір сомаға мөлшерлеме жасау. Барабанды әрбір айналдырғаныңыз есептеледі, әрі шынайы ақша шешіледі. Әр бонустың вейджері (ойнатылым коэфиценті) бар - ол ойнатылымға қойылатын мөлшерлеме сомасын шешу үшін бонус сомасын көбейту керек сан. Мысалы, бонустың вейджері х20 болса, демек 1 000 ₽ бонусты шығарып алу үшін ойын барысында 20 000 ₽ мөлшерлеме қою қажет.
4 Қандай ойындарда алған бонустарды қолдануға болады?
Иеленген бонустың вейджерін тек Слотозал клубының слот-автоматтарында ғана ойнатуға болады. Төменде көрсетілген ойындарда мөлшерлемені тек ақша түрінде қоюға болады: European Roulette, American Roulette 3D Classic, Lucky Sevens Blackjack, Oasis Poker Classic, Oasis Poker Pro Series, Baccarat 777, Russian Poker, Poker Teen Patti, Talismans of Fortune, Atlantis, Football, Courier Sweeper, Тас vs қағаз, Bomb Squad. Бонустық теңгерім мұндай ойындарда ескерілмейді, бонусты ойнап алу мүмкін емес.
5 Егер бонусыма ойнамасам, онымен не болады?
Клубымыздың ережелеріне сәйкес қаражатты шағарып алуға әркеттенген кезде ойнап ала алмаған бонусыңыз бірден теңгеріміңізден шегеріледі. Алайда теңгеріміңіздегі барлық қалған соманы еш бөгетсіз шығаруға болады. Тек бонус қана шегеріледі.
6 Ойнатылымның прогрессін қай жерден көре аламын?
Ойнатылымның прогрессі және тігіс қоюдың сомасы жайлы ақпаратты «Ұтысты алу» батырмасы арқылы көре аласыз. Ол клубымыздың кассасында орналасқан.
7 Балансымда ақша қалмаса да, бонус ойнатылымын жалғастыруым керек пе?
Бонус ойнатылымы автоматты түрде бонусты баланс нөлге тең болғанда тоқтатылады.
8Фортуна дөңгелегінен иеленген ақшалай жүлдені ойнатып алуым керек пе?
Фортуна дөңгелегінен ұтып алған қаражат бонус болып табылады. Сәйкесінше, оны міндетті түрде ойнатып алуыңыз керек. Мұндай бонустың вейджері х30.
9 Джекпоттың ұтысы қалай ойнатылады?
Ойын барысында сайттың слот-автоматтарының кез келгенінен ұтысты сандар топтамасы шықса, сол сәттен бастап джекпоттың ұтыс ойынына қатысатын боласыз. Назар аударыңыз: ең мықты сандар топтамасын алсаңыз, джекпотпен шатастырмаңыз және лездік ұтыс нәтижесі бойынша джекпот Сізге түсуі де мүмкін, түспеуі де мүмкін. Егер жолы болғыш жеңімпаз болсаңыз, сайтта ақпараттандыру шығады, сондай жағдайда өкілдеріміз сізбен бірден хабарласады. Сәттілік тілейміз!
10 Сіздерден келген хат ішіндегі бонусты қалай иелене аламын?
Кіріс хаттағы сілтемеден өту - міндетті шарт болып табылады. Келген хаттың ішінде сізді сайтқа аударатын батырманы басқаннан кейін шотыңызды толтыру үрдісін бастасаңыз болады. Аударым дұрыс түсуі үшін, шотыңызды ауысқан соң бірден толтырыңыз. Бонус түспеген жағдайда, біздің мамандарымызға (онлайн көмекке) хабар берсеңіз, олар сіздің мәселеңізді шешуге көмектеседі.
11 Кәсіби дәрежесіне қайта жеткенім үшін маған қандай да бір жүлде лайықты ма?
Кәсіби дәрежесіне қайта жеткен ойыншы ерекше сыйлық алады - қомақты жүлде ұтып алу мүмкіндігі бар Фортунаның VIP-дөңгелегін 1 рет айналдыру. VIP-дөңгелекті кәсіби дәрежесіне қайта жеткен сәттен бастап 48 сағат ішінде сайттың толық нұсқасында ғана айналдыруға болады. Сондықтан мобильді құрылғыдан ойнап жүрсеңіз, компьютерден кіруге кеңес береміз.
12 Бөлінген бонус баланстары қалай жұмыс істейді?

Бонусты іске қосқаннан және бонусты алу шарттарын орындағаннан кейін осы бонус үшін бонустық теңгерім қалыптасады. Бонустық теңгерім бонус сомасы, ставка, ұтыс тігу уақыты және максималды аударым туралы ақпарат бар карта түрінде көрсетіледі. Бонустық теңгерім картасын (Веб) Профиль бөлімінде → Казино бонустары қойындысында, (Моб) Бүйірлік мәзір → баланстар тізімінде → Баланс экранында нұқыңыз.

Егер бірнеше бонустар іске қосылған болса, бонус шарттары орындалған барлық бонустардың бонустық баланс карталары көрсетіледі. Сонымен қатар, бонустық баланстардың барлық тізімінен тек бір бонустық теңгерім бәс тігу үшін белсенді болуы мүмкін.

Қол жетімді бонус қалдықтары болса, теңгерім саны "Казино бонусы" теңгеріміне қарама-қарсы дөңгелек хабарламада жазылған сан ретінде көрсетіледі. (Веб) Есептік жазбада → Казино бонусы, (Моб) Бүйірлік мәзір → Баланс тізімі → Казино бонусы.

Бәс тігуге арналған бонустық балансты бонустық баланс картасындағы «Іске қосу» түймесін басу арқылы белсендіруге болады. Картада «Белсенді» белгісі көрсетіледі; Қол жетімді бонустық баланстардың кез келгенінде «Іске қосу» түймесін басу арқылы басқа бонустық теңгерімге ауыса аласыз. Сонымен қатар, егер сіз басқа бонустық теңгеріммен ставка жасасаңыз, белсенді бонустық баланстың орындалу барысы сақталады.
Сіз бонустық баланстар арасында шексіз рет ауыса аласыз.
Бонустық теңгерім картасындағы "қоқыс" белгішесін басу арқылы бонустық балансты жоюға болады.

Бонустар балансын басқару ойын мәзірінен де қол жетімді, бұл үшін сіз ойынға өтіп, (Интернет) бүйірлік мәзірден «Казино бонустары» қойындысын таңдауыңыз керек, (Моб) мәзір → «Казино» түймесін басыңыз; Бонустар».

Бонусты сәтті ойнатқаннан кейін нақты теңгерімге аударылған сомамен сәтті ұтыс тігу туралы хабарлама бар қалқымалы терезе көрсетіледі.

Бонустық ұтыс тігу уақыты аяқталғанда, бонус балансы жойылады (күйіп кетеді). Бонустық теңгерім картасы бәс тігуге болатындар тізімінен жоғалады. Хабарлама орталығына бонус балансының мерзімі аяқталғаны туралы хабарлама жіберіледі.

Техникалық сұрақтар

1Кілтсөзді ұмытып қалсам, не істеуге болады?
"Кілтсөзді ұмыттыңыз ба?" батырмасын басып, аккаунтыңызда тіркелген электронды пошта мекен-жайын енгізу қажет. Кейін электронды поштаңызға кілтсөзді қалпына келтіруге көмектесетін хат келеді.
2 Поштамды растайтын хат келмеді. Не істеуге болады?
Алдымен поштаңыздағы "Спам" және "Промонауқандар" қалталарын қарау қажет. Кейде хат қателікпен бұл қалташаларға түсіп кетуі мүмкін. Егер хатты таппаған болсаңыз, сайттағы "Профиль" мәзірінен бұл хатты өзіңізге қайтара жіберуге болады. Назар аударыңыз, мұндай хат тіркелген сәттен бастап, 30 минут ішінде келуі мүмкін. Егер 30 минуттан көп уақыт өтсе, қолдау қызметіне хабарласыңыз.
3 Ойын компьютерден/ноутбуктан ашылмайды, жай ғана ақ-қара экран шығады. Мұндай жағдайда не істеуге болады?
Егер қолданған браузеріңіз Google Chrome болмаса, онда Adobe Flash Player плагинін жаңарту керек. Хромда жаңарту үрдісін жүргізу керек емес. Сонымен қата, браузеріңіздегі жаңартудың бар-жоқтығын тексеріп қана қоймай, тарих бөліміндегі уақытша файлдарды, кэш пен cookies-ті тазалауға да болады.
4 Кэшті қалай тазалауға болады?

Gooogle Chrome\Yandex: браузерлерінің кэшін тазалау үшін, Ctrl+H батырмаларын бассаңыз, жеткілікті. Ашылған беттен "Тарихты тазалау" батырмасын басып, пайда болған жаңа терезеден "cookie файлдары мен сайттың және плагиндердің басқа да файлдары" деген сөйлемді басыңыз. "Барлық уақытқа" тазалау кезеңін таңдауға кеңес береміз.

Mozilla Firefox: Ctrl + Shift + Delete батырмаларын басыңыз. "Жақындағы тарихты жою" терезесіндегі "Жою" алаңынан браузер деректерді жою барысында шектелу керек кезеңді таңдаңыз. Содан кейін "Толығырақ" деген жерді ашып, тізімде кэш амалы ғана қосылғанына көз жеткізіңіз. Кейін "Қазір жою" батырмасын басыңыз.

Opera: Ctrl + Shift + Delete батырмаларын басыңыз. "Кіру тарихын тазалау" терезесінен браузер деректерді тазалау барысында шектелу керек кезеңді анықтаңыз. "Кэштағы суреттер мен файлдар" амалы ғана қосылып тұрғанына көз жеткізіп, " Кіру тарихын жою" батырмасын басыңыз.

Safari: Браузер мәзірінен «Safari → Баптаулар → Толықтырулар» деген сөйлемдерді таңдаңыз. "Мәзір жолағынан "Әзірлеу" мәзірін көрсету" амалын қосыңыз. Браузер мәзірінен «Әзірлеу → Кэштерді тазалау» деген белгілерді таңдаңыз.

5 Flash Player қалай жаңартуға болады?
«Adobe Flash Player» бұл визуалды және аудио контентті қарай алатын тегін бағдарлама. Оны жаңарту үшін, http://get.adobe.com/ru/flashplayer/ сайтына өтіңіз және «Жүктеу» батырмасын басыңыз. Одан кейін браузерді жауып, бағдарламаны орнатыңыз.
6 Мен жобадағы төлем тарихын жоя аламын ба?
Біздің жобамызда мұндай функция қарастырылмаған.
7 Аккаунтымды жоя аламын ба?
Бізде аккаунтты бұғаттау/жою мүмкіндігі техникалық тұрғыдан қарастырылмаған. Казиномызда ойнауды доғарғыңыз келсе, сайтымызға қайта кірмесеңіз жеткілікті. Поштаңызға бізден келетін хаттардан бас тартқыңыз келсе, кез келген хатымыздың соңғы жағында орналасқан арнайы сілтеме арқылы жүзеге асыра аласыз. Неліктен біздің сайтымызбен қолданғыңыз келмейтінін толық жазсаңыз болашақта шарттарды жақсартып, сайтты қолдану тәжірибесін арттыруға көмектесесіз.
8 Ойын барысында бонустық деңгей немесе тегін айналдыру мүмкіндігі түскенде слот-автомат істемей қалса, не істеуге болады?
Мұндай жағдайда автоматта ойнауды тоқтатып, қолдау көрсететін мамандарға хабар беруді сұраймыз. Қиындық туындаған жағдайда кейінге қалтырмай, мезетте хабарласуыңызды сұраймыз. Бұл жағдаятты тез уақытта шешуге көмектеседі. Егер ойынды жалғастырып, біраз уақыт өткен соң хабарлассыңыз, ақау туындаған сәтті анықтау қиынға соғатынына назарыңызды аударамыз.

Басқалары:

1Мен өз сұрағыма жауап таппадым.

Егер де сіз өз сұрағыңызға жауап таппасаңыз, көп ұзамай бізге ыңғайлы әдіспен хабарласуыңызды сұраймыз:

Телефон арқылы: +7 (499) 213-10-05

Электронды мекенжайымызға жазу арқылы:

Немесе қолдау қызметіндегі операторға сұрақ қою арқылы. Ол үшін "Онлайн Көмек" батырмасына басыңыз.

2 Сіздерден көбірек бонус алғым келеді. Мұны қалай жүзеге асырсам болады?
Клубымыз қонақтарымызға тек жақсысын ұсынуға үнемі ұмтылады,сондықтан ойындардағы бонусты да аямаймыз. Жолдаған хаттарымызды жіберіп алмаңыздар! Олардың ішінде әрдайым қызықты жаңалықтар жарияланады. Күнделікті лотореялар мен сайыстар болса, ішіңізді пысырмайды. Қосымша науқандарды сайтымыздың "Науқандар" бөлімінен таба аласыздар. Сонымен қатар, сайтта нөміріңізді қалдыруыңызға кеңес береміз, міндетті түрде сізге клубымыздың өте қызықты бонустары туралы хабарлаймыз.
Кешіріңіз, сұрауыңыз бойынша нәтижелер табылмады.

Ойын табылмады

analytic